Израильдегі мұнай құбырынан миллион литр мұнай төгілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің оңтүстігіндегі Иордания шекарасына жақын орналасқан мұнай құбырынан бірнеше миллион литр мұнай төгілді, деп хабарлады ВВС.

Израильдегі мұнай құбырынан миллион литр мұнай төгілді

Израильдік және иорданиялық БАҚ хабарлағандай, тыныс алуы қиындаған 80-нен астам адам ауруханаға жеткізілді.

Израиль билігінің хмәлімдеуіне қарағанда, бұл жердегі экологияның қалпына келуіне бірнеше айдан бірнеше жылға дейін уақыт кетуі мүмкін.

Мұнай құбыры сәрсенбі күні кешке Эйлат қаласынан 20 шақырым жердегі жөндеу жұмыстары кезінде зақымданған.

EAPC мұнай компаниясы өкілдерінің айтуынша, мұнай құбырдың жаңартылған жерінде төгілген.