Израильдік ғалымдар жасанды зілзала жасады
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Израильдік ғалымдар Негев шөлінде тербелісі 3,0 баллға жуық жасанды зілзала жасады. Бұл үшін олар бір мезгілде 80 тонна тротилді жарды. Осы іс-шараны израильдік және американдық үкіметтік органдар бірлесіп қаржыландырған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Зілзала жасаудың мақсаты - Израильдің, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы зілзала белсенділігін тіркеу бойынша құрал-жабдықтарды тексеру болды. Жарылыс әсері Германияда және Францияда тіркелген.