Израильдің «Берешит» аппараты Айға қонарда апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Израильдің Айға ұшырған алғашқы аппараты «Берешит» Жердің табиғи серігіне қонарда сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, ВВС-ге сілтеме жасап.

Израильдің «Берешит» аппараты Айға қонарда апатқа ұшырады

Аппарат Фалкон-9 зымыранының көмегімен 22 ақпан күні ұшырылған. Ол бұған дейін Айға жіберілген аппараттардың ішіндегі ең шағыны: диаметрі 2 метрге жуық, салмағы 600 келі.

Ол Айға Израильдің тәуелсіздік туралы декларациясын, гимнін, әртүрлі фотосуреттерді де жеткізді.

Израильдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аппараттың сәтсіздікке ұшырағаны туралы пікірін білдіре отырып, Израиль бірнеше жылдан кейін Айға аппарат ұшыруға қайта кірісетінін жеткізді.

«Егер алғашқыда сәтсіз болса, кейін тағы да әрекет етіп көріңіз», - деді премьер.

Айта кетейік, Израильдің аппараты жекеменшік қаражат есебінен ұшырылған. Оның бюджеті де осы тақылеттес басқа жобаларға қарағанда әлдеқайда ықшам: 100 млн доллар.