Израильдің бұрынғы премьер-министрі темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа жол берді және тергеу амалдарына кедергі келтірді деп айып тағылған Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт жазасын өтеуді бастады.
None
None

Мұндай жоғары лауазымды тұлға Израиль тарихында алғаш рет сотталған. Енді ол өмірінің 19 айын абақтыда өткізеді, деп хабарлайды 24.kz. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, аталған абақтыны жабдықтау үшін ел қазынасынан 1 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Мұнда экс-премьердің сыбайластары мен әйелді зорлағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған Израильдің бұрынғы президенті де қамалған.

Айта кету керек,сот ісі толықтай аяқталған жоқ. Себебі әлі ашылмаған 3 қылмыс бар. Дегенмен премьердің қорғаушылары оны ақтап алудан үміттеніп, Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым түсірді.

«Бүгін бас бостандығымнан айырылып, қамауға кетіп барамын. Бұл менің және маған жақын адамдардың жанына қаншалықты ауыр екенін сіздер сезеді деп сенемін. Мен сот алдында болсын, өзге жерде болсын, тағылған айыптың ешқайсысын да мойындамай, кінәсіз екенімді қайталап айтудан қайтпаймын»,-деді Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт.

Соңғы жаңалықтар