Израильдің экс-премьері Ариэль Шаронның ұлдары оны тыныс алу аппаратынан ажыратуды сұрады
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронның ұлдары дәрігерлерден әкесіне жасалып жатқан емді тоқтатуды сұрады.
Шаронның инсульт алып, комаға түскеніне сегіз жыл болған. Израиль телеарналарының хабарлауынша, саясаткердің өмірін сақтауға арналған ем шаралары тоқтатылды, бірақ ол әлі де дем алдыратын арнайы аппаратқа қосулы.
2006 жылдан бері Ариэль Шарон бір рет те есін жимаған.