18:42, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Израильдің Google-ге деген өкпесі қара қазандай
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Израиль Google іздеу жүйесінің бастапқы беттегі палестиналық нұсқасында таңбаланған «Палестина территориясы» деген жазуды «Палестина» жазуымен алмастырғаны үшін Google корпорациясына ренжулі.

Израиль СІМ баспасөз хатшысы Игаль Пальмор мұндай өзгеріс Изарильдің шамына тиетінін мәлімдеді.
muslim.kz сайтының жазуынша, Израиль билігі мәлімдемемен шектеліп қана қоймай, Google компаниясынан бұл өзгерістің мәнін түсіндіруді талап еткен. Google өкілі Натан Тайлер Zman бұл өзгертуді Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де халықаралық ұйымдардың шешіміне сәйкес енгізгенін айтып, жауап қатты.
2012 жылдың қараша айында БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру нәтижесінде Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесі берілгенін естеріңізге сала кеткіміз келеді.