13:20, 24 Маусым 2022 | GMT +6
Израильдің шөл даласынан көне мешіттің іргетасы табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль археологтері елдің оңтүстігіндегі Негев шөлінен көне мешіттің іргетасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Мешіт іргетасы Рахат қаласындағы жаңа кварталдың құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Көлемі шағын әрі формасы шаршы тәріздес келген. Сондай-ақ, михраб – жартылай дөңгелек ғибадат орны болған.
Мешітке таяу жерден византия кезеңінің фермер үйі және ерте ислам кезеңінің «сән-салтанатты помещик жері» де табылған.
Израиль мамандары бұл артефактілердің ғалымдарға аймақтың христиан дінінен Исламға қалай өткенін тереңірек түсінуге септігін тигізетінін айтады.