Израильдықтар Ле-Буржеде электр ұшағын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Eviation Aircraft Израиль компаниясы Ле-Буржедегі халықаралық авиасалонда Alice электр ұшағының телнұсқасын көрсетті.
Бұл туралы Electrek хабарлайды.
Салмағы 6 тонна, ұзындығы 12 метр және қанаты 13,4 метрді құрайтын әуе кемесі 6-9 жолаушыға арналған және бір қуат алғанда 965 шақырым ұшуға қауқарлы. Ол бизнес-авиацияның қажеті үшін қолданылуы мүмкін. Қозғаушысы сыйымдылығы 980 киловатт болатын инновациялық алюминий-әуе аккумуляторынан қуат алады.
Ле-Буржедегі Париж авиасалоны - Ле-Бурже әуежайында өткізілетін әлемдегі ең ірі авиасалондардың бірі.
Фото: Eviation Aircraft