Израиль елдің барлық халқы үшін тұмауға қарсы вакцина сатып алуды жоспарлауда
АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Израиль «доңыз тұмауына» қарсы вакцинаны елдің барлық халқына - 7 миллионнан астам адамға сатып алуды жоспарлауда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Ел үкіметінің кеше жасаған баяндамасында осындай мәлімет келтіріліп отыр. Онда Израильдің 2 миллионға жуық адамды вакцинациялау есебі бойынша дәл қазіргі уақытта дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені айтылады. Қосымша өндіріс 120 миллиондай долларға түскелі отыр.
Бүгінде Израильде A (H1N1) тұмауын жұқтырудың 1 мың 550 оқиғасы тіркелген, 1 адам қайтыс болған. Дәрігерлер бұл тұмауды жұқтырудың әлі де нақты фактілері емес екенін, іс жүзінде бұл көрсеткіштің бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін айтып отыр.