Израиль елшісімен бірге түскі ас ішкен мысырлық депутат мандатынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Мысыр Парламенті бұған дейін өз үйінде Израильдің Мысырдағы Елшісі Хаим Коренмен түскі ас ішкен депутат Тауфик Окашиді өкілеттігінен айыру үшін дауыс берді, деп хабарлайды interfax.ru ливандық TheDailyStar басылымының сайтына сілтеме жасап.

Израиль елшісімен бірге түскі ас ішкен мысырлық депутат мандатынан айырылды

Депутатқа қарсы шаралар қолдануға 490 парламентшінің 465-і дауыс берген.

Басылымның мәліметтерінше, депутат әрі тележүргізуші Окаша израильдік Елшіні телешоудың тікелей эфирінде түскі асқа шақырған. Түскі ас өткен аптада депутаттың үйінде болған.

Алайда бұл оқиға мысырлық БАҚ пен парламентте кері көзқарас тудырды. Басылымның жазуынша, депутаттардың бірі Окашаға бәтеңкесін лақтырған.

Депутаттың өзі сәрсенбіде өткен дауыс беруге жіберілмеді.

1979 жылы Мысыр араб елдерінің арасында бірінші болып Израильді мойындаған болатын. Дегенмен көптеген мысырлықтар Израильді әлі күнге дейін жақтырмайды, деп қосып өтті басылым.