Израиль еврей қоныстарының құрылысына салынған мораторийді ұзартуы керек - арағайындар «төрттігі»

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының құрылысына салынған мораторийді ұзартуы керек. Бүгін Нью-Йоркте өтетін арағайындар «төрттігінің» (РФ, АҚШ, Еуроодақ және БҰҰ) таяушығыстық бейбіт реттеу жөніндегі жобасында осындай ұсыныс айтылып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Израиль  еврей   қоныстарының   құрылысына салынған     мораторийді   ұзартуы керек   -   арағайындар  «төрттігі»

Құрылысқа салынған қазіргі мораторийдің мерзімі қыркүйектің 30-ында аяқталады және Израиль басшылығы оны әрі қарай ұзартпайтынын бірнеше рет мәлім етіп үлгерді.

Мәжіліске қатысушылардың мәлімдеме жобасының мәтінімен «Рейтер» агенттігі таныстырып отыр. Құжатта атап көрсетілгендей, «өткен жылдың қараша айында Израиль құрылыс жұмыстарына енгізген және «қолдауға тұрарлық» мораторий, Израиль мен палестиналық тарап келесі жылға бейбіт келісім жасауға талпынып отырған кезде, Таяу Шығыстағы ахуалға «өзінің оң әсерін тигізіп отыр». «Төрттік» мораторийдің күшін әрі қарай ұзартуға үндеп отыр.