Израиль ғалымдары шөлде тереңнен су шығарып, балық өсіретін теңізге айналдырды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Шөл даланың қақ ортасында теңіз балығын өсіру - адам айтса сенгісіз жағдай. Алайда, израильдік ғалымдар бұған қол жеткізді,
None
None

деп хабарлайды жетінші арна.

- Біз шөлдің қақ ортасында тереңдігі 1 шақырым қашықтыққа жуық ұңғыма қаздық. Ал, сол жерден шыққан судың тұздылығы  теңіздікіне өте ұқсас. Теңіз балығы теңізде тіршілік етуі тиіс, - дейді ғалым Ами Бунковский.

Қазір жасанды су айдынында тайдай тулаған теңіз балығында есеп жоқ. Түрі де көп. Қармақ салған балықшы  үйіне олжасыз қайтпайды.  Ал ертегінің шындыққа айналуына компьютердің арқасында мүмкін болды. Техника су қоймасындағы жағдайды бақылайды. Балық жемінің бар-жоғын, судың тазалығын және оттегі мөлшерін қадағалайды. Тіпті, ластанған суды арнайы бассейнге төгіп, тазасын құяды. Бастысы - электр жарығы өшпеуі тиіс. Әйтпесе, балық жарты сағаттың ішінде тұншығып, қырылып қалуы мүмкін. 

- Бұл - теңіздердің табиғатын сақтап қалудың тамаша амалы. Осылайша біз олардың өз қалпына келуіне мүмкіндік береміз,- дейді Шөл даланы дамыту институтының профессоры Авигард Воншак.  

Соңғы жаңалықтар