Израиль Газа секторының оңтүстігіне қайтадан су бере бастады
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан CNN арнасына израильдік әріптестері Газа секторының оңтүстік бөлігіне су беруді қайта бастағанын хабарлағанын айтты, деп жазды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты The Times of Israel газетінің ел үкіметіндегі дереккөзі растады.
Осылайша, Израиль қазанның 8-інен бері алғаш рет Газа секторының блокадасын жеңілдетті.
BBC халықаралық тілшісі Лиз Доусетт бұл Газа секторының оңтүстігі азаматтық қауіпсіздік секторы ретінде өңделіп жатқанының дәлелі болуы мүмкін дейді.