Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестиналық содырлар елдің Ашдод портты қаласына зымыран соққыларын жасағаннан кейін Израильдің әскери-әуе күштері Газа секторындағы төрт нысанаға әуе соққысын жасады, деп хабарлады әскери өкіл.
None
None

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Олар соққыны "террорлық инфрақұрылым" бөлігіне жасадық деп мәлімдеді.

Құрбандар жайлы ақпарат жоқ.

Израильге жасалған соққыдан ешкім зардап шекпеді. Шабуылға қатысты жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар