08:21, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Израиль Газа секторынан әскерін әкетуде
ГАЗА СЕКТОРЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАпарат - Палестиналық жасақтарға қарсы жасалған үшапталық операцияны аяқтаған Израиль жексенбі күні Газа секторынан өз әскерін шығара бастады,
деп хабарлады Израильдің Қорғаныс армиясының баспасөз қызметінің өкілі. Дегенмен, не әскерилер, не саясаткерлер анклавада қанша әскердің қалатынын және олардың сектордан қашан нақты кететінін айтпай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Израиль осының алдында ғана әскери операцияны біржақты бітіммен аяқтап, дегенмен, анклавада біраз әскер қалдыратынын және әскер мен техникалардың ел аумағынан шығарылуын палестиналық зымырандар шабуылының тоқтауымен байланыстырған болатын.