07:56, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Израиль Газа секторындағы әскери операциясын уақытша тоқтатты
ТЕЛЬ-АВИВ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - Өңір халқына жіберілген гуманитарлық көмек пен жанар-жағармайды өткізу үшін Израиль Газа секторындағы әскери операциясын уақытша тоқтатты.
Бұл туралы Израиль армиясының өкілдеріне сілтеме жасап Ассошиейтед Пресс агенттігі хабарлады. Әскери операциялар 3 сағатқа тоқтатылды. Сәрсенбі күні Израиль Газа секторының тұрғындары үшін ашуға келіскен гуманитарлық дәліз арқылы аймаққа медициналық және басқа да көмектер жеткізілді. Израиль үкіметінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшілері ұсынған осынау шешімді ел премьері Эхуд Ольмерт мақұлдады.