Израиль Газадағы операциясын кеңейтуді жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 3 мамыр күні қауіпсіздік мәселесі бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, онда оған Газа секторындағы кеңейтілген шабуыл жоспары ұсынылды, деп хабарлайды Еuronews.

Онда сондай-ақ аталған операция аясында резервтегілерді мобилизациялау қажет болатыны айтылады.
Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл түбегейлі пысықталған жоспар, себебі Израиль кепілдікте отырған қалған адамдарды босатқысы келеді.
Сарапшылардың болжамынша, жаңа шабуылдар Дональд Трамптың өңірге 13-16 мамыр аралығындағы сапарына дейін бола қоймайды (АҚШ президентін Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Қатарда күтіп отыр, Израильде емес).
Ал БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер бойынша басқармасы Израиль шабуылдары салдарынан Газаның барлық аймағында бейбіт тұрғындар мерт болып жатқанын хабарлады.
Газаның Азаматтық қорғаныс агенттігі жұма күні жасалған Израиль соққылары салдарынан Палестина аумағында кемінде 42 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Осыған дейін Израиль Латакиядағы сириялық әскери нысандарға соққы жасағаны туралы жаздық.