Израильге коронавирусқа қарсы препарат жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль әлем бойынша алғашқылардың бірі болып COVID-19-ға қарсы Pfizer компаниясының паксловид (Paxlovid) дәрісінің алғашқы партиясын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Израильге коронавирусқа қарсы препарат  жеткізілді

Бұл – дәрі ретінде жасалған коронавирустың ауыр симптомдарымен күресетін препарат. Оны егуге арналған басқа препараттарға қарағанда, үй жағдайында қабылдауға болады.

Алғашқы партия 20 мың дозадан тұрады деп хабарланды – Израиль ауруханаларында шамамен осыншама вирус жұқтырған науқас жатыр.