01:43, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Израильге Ливан аумағынан 34 зымыран ұшырылған
ТЕЛЬ-АВИВ. ТАСС- ҚазАқпарат – Ливан аумағынан бейсенбі күні Израильге кем дегенде 34 зымыран жіберілген, олардың 25-ін Әуе шабуылына қарсы қорғаныш (ӘШҚ) жүйесі тоқтатса, 5-еуі Израиль аумағына құлаған. Бұл туралы Израиль Қорғаныс әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Батыс Галилеи ауданында (Израильдің солтүстігінде Ливанмен шекарада) естілген сиреналар туралы ақпараттардан кейін, алғашқы тергеу Ливан аумағынан Израильге ұшырылған 34 зымыранды анықтады. 25 зымыранды Израиль Қорғаныс әскерінің ӘШҚ жүйесі тоқтатты. Бес зымыран Израиль аумағына құлады. Қалған төртеуіне келер болсақ, олардың қайда түскені туралы ақпарат нақтыланып жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Баспасөз қызметі «бұл қорытынды дерек емес екенін» атап өтті.