Израиль ХАМАС-тың Еуропада лаңкестік әрекет ұйымдастырғысы келгенін мәлімдеді

Израиль арнайы қызметі түрлі елдердегі әріптестерімен бірге әлем бойынша лаңкестік әрекет ұйымдастыруға дайындықпен айналысқан ХАМАС желісі бар екенін анықтады. Kazinform бұл туралы dw.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Израиль
Фото: www.dw.com

Израиль билігі 13 қаңтарда ХАМАС радикал исламшыл қозғалысы сарбаздары Еуропа, Африка мен Таяу Шығыстағы бірқатар нысанға шабуыл жаспорлағанын мәлімдеді.

- Жалғасып жатқан барлау амалдары арқасында ХАМАС лаңкестік ұйымы әлемдегі жазықсыз адамдарға шабуыл жасау мақсатында күш-көрсету ауқымын шетелде кеңейтуге тырысқанын анықтайтын көлемді ақпарат табылды, - делінген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесінің хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада Израиль өзідігінен және шетелдік арнайы қызмет өкілдерімен бірлесе жұмыс істей отырып оған дәлел тапқаны жазылған. 

ХАМАС-тың осы жоспарына байланысты 2023 жылғы 14 желтоқсанда Дания мен Германияның құқық қорғау органдары Еуропадағы күдіктілерді жаппай тұтқындағанын мәлім етті. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Израиль үкіметінің мәлімдемесі бойынша, «шетелде» Ливандағы командирлерден бастап жергілікті жерлердегі орындаушыларды қосқанда «ХАМАС-тың өте ауқымды лаңкестік қызметі» анықталған. Премьер кабинеті ХАМАС-тың нақты мақсаттарының бірі Швециядағы Израиль елшілігі болғанын айтты.

Сонымен қатар ХАМАС пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алып, Еуропада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін жинамақ болғаны да мәлімдемеде баяндалған. 

Соңғы жаңалықтар