Израиль Иранның түнгі шабуылға ықтимал жауабын бағалады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль қорғаныс күштері түнде ирандық әскери нысандарға әуе шабуылдарын тоқтатқанын мәлімдеп, Иранды қақтығыстың одан әрі шиеленісуі туралы ескертті. Израиль әскери-әуе күштерінің операциясына «Тәубе күндері» атауы берілді.
Әскерилержің хабарлауынша, Израильден 1600 шақырым жердегі шабуылға Израиль әуе күштерінің ондаған ұшағы, соның ішінде жойғыш ұшақтар, май құюшы және барлау ұшақтары қатысқан.
Барлық ұшақтар «күрделі» операциядан кейін Израильге аман-есен оралды.
Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Даниэль Хагаридің мәлімдеуінше, Иранға түнгі шабуыл мақсаттары сәтті орындалды. Соққылар Иранның әртүрлі аймақтарында бірнеше сағат бойы бірнеше толқынмен жасалды.
Израиль Қорғаныс әскерінің сендіруінше, бұл соққылар Иранның әскери нысандарына, соның ішінде 1 қазан мен 14 сәуірде Иранның Израильге тікелей шабуылдары кезінде пайдаланылған әуе қорғанысы батареялары мен баллистикалық зымыран өндірісі нысандарына жасалған.
Бұдан бөлек, әскерилер бұл соққылар Израиль әуе күштеріне «Иран аспанында көбірек әрекет ету еркіндігін» бергенін және қажет болған жағдайда олардың болашақ операцияларда соғуы мүмкін нысаналардың кең ауқымы бар.
Израиль ӘӘК соққысынан келген шығын уақыт өте келе белгілі болады, деп хабарлайды Израиль Қорғаныс армиясы. Ол сондай-ақ Иран Израильге жасаған шабуылдары үшін жауап бергенін қосып өтті.
Қазіргі уақытта Израиль Қорғаныс әскері Иранның шабуылға әлеуетті жауабын бағалауда, бірақ қазіргі сәтте бейбіт тұрғындарға қатысты ережелерге ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.