Израиль Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделі - Ицхак Герцог

АСТАНА. KAZINFORM –  Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында Ицхак Герцог Қазақстан мен Израиль арасындағы әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ицхак Герцог
Фото: Ақорда

– Президент мырза, Қазақстан толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетіп отыр. Сол үшін Сізге алғыс айтамын. Сонымен қатар екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік мол екеніне назар аударғым келеді. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдай аламыз. Атап айтқанда, біз тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделіміз. Ол іскерлік және сауда қатынастарына оң ықпал етеді. Бұдан бөлек, екіжақты құқықтық-келісімшарт базасын кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде бірқатар келісім, соның ішінде қосарланған салықты алып тастау туралы уағдаластық пысықталып жатыр, – деді Израиль Президенті.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Переговоры Касым-Жомарта Токаева и Ицхака Герцога продолжились в расширенном составе
Фото: Ақорда

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ бірлесе күш жұмылдыра отырып серіктестікті жаңа әрі сапалы кезеңге шығаруға келісті.

Осыған дейін Қазақстан мен Израиль Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар