Израиль әскері барлық майданда әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді
Израиль әскері ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық майданда әрекет етуге дайын екенін атап өтті. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Израиль Қорғаныс әскері ұшақтары зымыранмен шабуылға жауап ретінде Ливандағы шейіттік «Хезболлах» ұйымының нысандарына соққы жасады. Бұл туралы Израиль қарулы күштері таратқан мәлімдемеде айтылған.
«Зымыран ұшырып, танкіге қарсы зымырандармен жасалған шабуылға жауап ретінде Израиль Қорғаныс әскері ұшақтары кейінгі бірнеше сағат ішінде «Хезболлах» лаңкестік нысандарына соққы жасады. Сонымен қатар Израильдің Қорғаныс әскері шекараға жақын маңда орналасқан және танкіге қарсы зымырандарды Израиль жаққа ұшыратын жерге шабуылдады», - делінген хабарламада.
Израиль сарбаздары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық майданда әрекет етуге дайын екенін атап өтті.