Израиль қорғаныс министрі Хезболланы жеңдік деді

Израиль победил «Хезболлу» - министр обороны Исраэль Кац
Фото: Израиль үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Хезболланың» тас-талқаны шыққанын және оның көшбасшысы Хасан Насралланың көзі жойылуы басты жетістік болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлады.

Мұндай мәлімдеме Израильдің сыртқы істер министрлігінде, аталған ведомствоның жаңа басшысы лауазымына Гидеон Саардың тағайындалуына арналған рәсімде айтылды. Бұған дейін Исраэль Кац елдің сыртқы істер министрі болған еді.

Елдегі кадрлық ауыс-түйіс өткен аптада, мемлекеттің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлант қызметінен кеткеннен кейін орын алды. Осылайша, Израиль қорғаныс министрі қызметіне Исраэль Кац, ал сыртқы істер министрі қызметіне Гидеон Саар келген болатын.

Кацтың мәлімдеуінше, Израиль «Хезболланың» ұрыс алаңында жеңді.

«Біздің соққымыз «Хезболланы» талқандады, ал Насраллының көзін жою – басты жетістік. Ендігі біздің мақсатымыз – осы жеңістің жемісін алу үшін қысым көрсетуді жалғастыру», - деді Кац салтанатты рәсім барысында.

Соңғы жаңалықтар
telegram