Израиль Латакиядағы сириялық әскери нысандарға соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль ұшақтары Сирияның Латакия провинциясындағы әскери нысандарға соққы жасады. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Израиль Латакиядағы сириялық әскери нысандарға соққы жасады
Фото: ТАСС

Араб телеарналарының хабарлауынша, Израиль ӘӘК Джабель-аш-Шаара ауданын атқылап, соңғы сағаттарда Сирияның бірнеше провинциясына барлығы 18 әуе шабуылын жасаған.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац Дамаскідегі президенттік сарай маңындағы нысанға жасалған шабуыл туралы бірлескен мәлімдеме жасады. 

Сондай-ақ Еуропалық Одақтың Израильге Газа секторындағы қоршауды алып тастауды ұсынғанын, ЕО комиссиясының өкілі Анвар әл-Ануни Израильді Газа секторына қойылған қоршауды жоюға және бұл аймаққа гуманитарлық көмектің жеткізілуіне рұқсат беруге шақырғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар