Израиль-Ливан шекарасына жақын жерде Таиландтың төрт азаматы мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Ливан мен Израиль шекарасы маңындағы израильдік Метула қаласына жақын жерде зымыран шабуылынан Таиландтың төрт азаматы мерт болып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы жұма күні Таиланд Сыртқы істер министрі Марис Сангиампхонг мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

МИД Таиланда
Фото: Тайланд Сыртқы істер министрлігі

«Мен Израиль-Ливан шекарасына жақын жерде орналасқан Метула елді мекені маңындағы зымыран шабуылы салдарынан төрт тай жұмысшының қаза тауып, бір қызметкердің жарақат алғаны туралы хабарға қатты күйзелдім», - деп жазды Сангиампхонг Х әлеуметтік желісінде.

Таиланд СІМ басшысы елдің Тель-Авивтегі елшілігіне жарақат алғандар, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырғанын қосып өтті.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Метула аймақтық кеңесінің басшысы бейсенбі күні кешке Ливан зымырандық шабуылынан бес адам қаза тапты, олардың бірі жергілікті фермер және фермадағы шетелдік төрт жұмысшы.

Таиланд СІМ мәліметінше, өткен жылы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылында қаза тапқан 1200 адамның арасында 46 тай азаматы болды.

«Таиланд шиеленісі ұзаққа созылған осы қақтығыс салдарынан ауыр зардап шеккен жазықсыз бейбіт тұрғындар үшін барлық тараптарды бейбітшілік жолына оралуға шақыруды жалғастыруда», - деді Таиланд Сыртқы істер министрі.

Осыған дейін Ливанда Израиль әуе шабуылынан 60 адам көз жұмғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар