Израиль Ливанға әуе шабуылдарын бастады

Израиль тарихта алғаш рет ғарыштағы зымыранды құлатты
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль авиациясы Ливандағы Хезболла позицияларына бірқатар әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы «The Times of Israel» хабарлады.

Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Джиббин елді мекені маңындағы бірнеше әскери инфрақұрылым нысандарында «Хезболла» қарулы топтары мүшелерінің барын алға тартып, бұл нысандарды жою үшін әуе шабуылдары жасалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Израиль әуе күштері Ливанның оңтүстігіндегі Кафр-Килла, Халта, Шама және Эль-Эдейсе елді мекендерінің айналасындағы «Хизболла» нысандарына шабуыл жасады. Шабуыл нүктелерінің арасында зымырандар мен әскери инфрақұрылым нысандары бар деген болжам бар.

– Израиль қорғаныс күштері солтүстікте тұрғындардың үйлеріне оралуына және басқа барлық әскери мақсаттарға жетуіне мүмкіндік беретін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.

Израиль Ливанмен шекарада «Хезболла» зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін екі сарбазының қаза тапқанын хабарлады.

«Хезболла» жетекшісі Хасан Насрулла Израильдің Ливан халқы мен елдің егемендігіне қарсы соғыс жариялағанын баса айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ливандағы пейджерлер жарылысынан жүздеген «Хезболла» мүшесі жарақат алған болатын.

Ливан пейджерлер жарылысында Израильді айыптады.

Одан кейін Ливанда тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
telegram