Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының 65-тен астам мүшесін өлтірді, деп жазады ТАСС.

Ливан
Фото: ТАСС

«Әуе күштері Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» құрамындағы 65-тен астам лаңкестің көзін жойды, сонымен қатар «Хезболла» ондаған нысанына соққы берді. Оның ішінде израильдік бейбіт тұрғындарды нысанаға алған зымыран қондырғыларын және лаңкестік инфрақұрылым бар», - делінген хабарламада.

Жақында «Хезболла» Израильмен қақтығыс жаңа шиеленісу кезеңіне өтіп жатқанын жариялап, шиеленістің сипаты алдағы күндері белгілі болатындығын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар