Израиль мектептерінде араб тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада барлық израильдік мектептерде араб тілі міндетті пән ретінде оқытылатын болады.

Израиль мектептерінде араб тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ

Бұл туралы сәрсенбі күні кешкілік кнессет депутаттары бекіткен заң жобасында жазылған.

Бастамаға 120 парламентшінің 25-і қолын қойды. Дауыс беру кезінде қарсы шыққандар болған жоқ, деп хабарлады Би-би-си.

Заң авторларының пікіріне қарағанда, бұл болашақта арабтар мен еврейлер арасында «мәдени көпір құруға» септеседі. Онымен қоса Израиль мемлекетінде араб тілі иврит тілімен бірге ресми болып саналады.