Израиль мен АҚШ офшорлық шоттар туралы ақпараттармен алмасатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль мен АҚШ офшорлық шоттар туралы ақпараттармен алмасу жөнінде екіжақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Бірінші кезекте Израиль АҚШ азаматтарының офшорлық шоттары және 2014 жылдың соңына дейін есепшоттағы қалдықтары туралы ақпарат береді. Бұл 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін орындалуы керек. Себебі, бұл құжатты Израиль Кнессеті бекітпегендіктен ақпаратты беруге Тель-Авив әлі кірісіп отырған жоқ.
«Бұл келісім екі елдің салық органдары арасында ақпарат алмасуы үшін маңызды құжат болмақ. Әзірге, қаржылық мекемелерді есепшот иесі туралы ақпарат беруге міндеттейтін құқықтық талаптар жоқ. Бірақ, көп ұзамай біз АҚШ Қаржы министрлігіне келісім кезеңінде жаңа шоттар туралы ақпараттарды қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш жолдаймыз. Келісімге байланысты Израиль салық жинау басқармасы АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметіне Израильден сұратқан ақпараттарына жауап беретін болады. Ал өз кезегінде Вашингтон біздің сұратуымызға жауап береді», - дейді Израиль Қаржы мнистрілігінің өкілі Фрида Израэли жергілікті «Haaretz» басылымына берген сұхбатында.