Израиль мен ХАМАС Газа секторында қысқа мерзімге бітімгершілік сақтауға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Израиль мен ХАМАС Газа секторында 12 сағатқа бітімгершілік сақтауға келісті.

Израиль мен ХАМАС Газа секторында қысқа мерзімге бітімгершілік сақтауға келісті

Бұл туралы ВВС хабарлайды. «Бітімгершілік сенбі күні таңертең, жергілікті уақытпен сағат 8.00-ден (5.00 Гринвич уақытымен) басталады. Бұдан бұрын Израиль министрлер кабинетінің күш құрылымдары АҚШ мемхатшысы Джон Керридің Газа секторында атысты одан да ұзақ уақытқа тоқтата тұру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Д.Керри Израиль мен ХАМАС ислам тобын 18 күнге бітімгершілікке келу туралы ұсыныс айтқан болатын», - деп жазады ВВС орыс ақпараттық қызметі.

Тоқтала кететін жайт, Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс салдарынан басым бөлігі бейбіт тұрғындар болып табылатын 800-ден астам палестиндік және 36 израильдік қаза болған еді.

Сонымен қатар, ХАМАС атысты тоқтату туралы ұсынысқа үнсіз қалып, дегенмен, қозғалыс басшылары Израиль Газа секторын қоршауды жалғастыра беретін болса, бітімгершілікке еш бармайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, әлемдік көшбасшылардың алаңдаушылығына қарамастан жұма күні Израиль Газа секторына авиациялық соққыны жалғастырды. Израиль қорғаныс армиясының хабарлауынша, соққы нәтижесінде «Ислам джихады» лидерлерінің бірі өлтірілген.