Израиль мен ХАМАС қақтығысы соғыстан терроризмге ауысты – Рим Папасы Франциск
Рим Папасы сәрсенбі таңында ХАМАС тұтқынға алған израильдіктердің туыстарымен, сондай-ақ Газа секторында отбасылары зардап шегіп отырған палестиналықтармен жеке кездесулер өткізді. Кездесулерден кейін ол қақтығыс соғыс шеңберінен шығып, «терроризмге» айналғанын айтты. Kazinform агенттігінің тілшісі бұл туралы Vatican News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өзінің резиденциясындағы кездесулерден кейін көп ұзамай Әулие Петр алаңындағы жалпы аудиенцияда жоспардан тыс сөз сөйлеген Франциск қақтығыста «екі тараптың қалай зардап шегіп жатқанын» естігенін айтты. Рим Папасы Франциск екі кездесуде де өз қайғысын және олардың қайғысына жақындығын білдірді.
«Соғыс не істемейді. Бірақ осы жерде соғыстан тыс шықтық. Бұл – соғыс емес. Бұл – лаңкестік», - деді понтифик.
Ол өз үндеуінде әртүрлі соғыстардан, әсіресе Украина, Израиль және Палестинада зардап шеккендердің барлығы үшін дұға етті.
Папа таңғы сағат 7:30-да Каса-Санта-Мартадағы резиденциясында Израиль делегациясының 12 мүшесімен кездесті. Содан кейін таңғы сағат 8:00-де Павел VI залында Палестина делегациясымен кездесті. Палестина делегациясының құрамында 10 адам болды.
«Палестина халқы үшін дұға етейік, Израиль халқы үшін, бейбітшілік болсын деп дұға етейік», - деп қорытындылады Рим Папасы.
Киелі ТАқ баспасөз қызметінің директоры Маттео Брунидің бірнеше күн бұрын Рим Папасы Франциск делегациялармен кездесетінін жариялап, бұл кездесулер Рим Папасының «зардап шеккен әрбір адамға рухани жақындығын» көрсету мақсатында «тек гуманитарлық сипатта» болатынын атап өтті.