Израиль мен ХАМАС кепілге алынған тағы төрт адамның денесін қайтаруға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Тараптар бір мезгілде 602 палестиналық тұтқынды босатып, кепілге алынған төрт адамның денесін беруге келісті, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Израиль мен ХАМАС кепілге алынған тағы төрт адамның денесін қайтаруға келісті
Фото: IDF / x.com

Израиль мен АҚШ пен ЕО лаңкестік ұйым деп таныған ХАМАС исламдық қозғалысы 602 палестиналық тұтқынды бір уақытта босатып, Израиль тарапына кепілге алынған тағы төрт адамның денесін беруге келісті. Бұл туралы ХАМАС 25 ақпанда хабарлады.

Сол күні есімін атамаған израильдік шенеунік The Times of Israel интернет-басылымымен сұхбатында бұл ақпаратты растады.

Кепілге алынғандардың мәйіттерін беру 26 ақпанда Мысырдың делдалдығымен жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Еске сала кетсек, ХАМАС кепілге алынған екі адамды жіберіп, тағы төртеуін босатуға уәде берді. 

Израиль палестиналық тұтқындарды босату ісін кейінге қалдырды. 

Соңғы жаңалықтар