Израиль министрінің әйелі Обаманы мазақтағаны үшін кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль Ішкі істер министрі Сильван Шаломның әйелі Джуди Шалом Нир-Мозес «Твиттердегі» жеке парақшасына «Кофе Обама туралы білесіздер ме? Ол қап-қара және әлсіз» деп жазғаны үшін кешірім сұрады, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Израиль министрінің әйелі Обаманы мазақтағаны үшін кешірім сұрады

Оның «Твиттерде» 75 мыңға жуық оқырманы бар. Оның жазбасын әлеуметтік желідегілер «нәсілшілдік» деп бағалады. «Егер мен біреуді ренжітіп алсам, кешірім сұраймын. Күйеуім ұшақтан түскенде, менің не бүлдіргенімді білсе, мені тастап кетпес деп үміттенемін», - деп жазған ол. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сильвон Шаломды мамыр айында тағайындап, палестиналықтармен бейбіт келісім жүргізу үшін АҚШ-пен стратегиялық диалог жүргізуде жауапты етіп бекіткен.