Израиль мұсылмандардың Иерусалимдегі Храм тауына баруларына шектеу енгізді
АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Мұсылмандардың жұма намазынан кейін тәртіпсіздіктердің орын алу ықтималдығына байланысты Израиль полициясы мен шекарашылары бүгін жоғары дайындыққа келтірілді.
Қауіпсіздік қызметтерінен мәлім еткеніндей, күшейтілген шаралар араб халықтары тұратын барлық елді мекендерде қабылданбақ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Әсіресе, Иерусалимде тәртіпті сақтауға айрықша назар аударылады. Атап айтқанда, қалаға кіреберіс жерлердің барлығына блок-посттар орнатылады, ал тәртіп сақшыларының саны 4 мыңдай адамға жетеді. Әл-Ақса мешіті орналасқан Храм тауына мұсылмандардың баруына шектеу енгізіліп отыр. Ол жаққа тек жасы 50-ден асқан және израиль азаматтығы бар ер азаматтарға және кез келген жастағы әйелдерге рұқсат етілген. Ал мұсылман еместерге тауға шығуға тыйым салынған.