Израиль Оразаның басталуына байланысты палестиналықтарға жеңілдіктер енгізді
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Израиль кеше басталған Қасиетті Рамазан айына байланысты палестиналық аумақтарда жеңілдіктер енгізді. Армияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елдің қорғаныс министрі Эхуд Барак сәйкес бұйрыққа қол қойған.
Рамазан айы бойына Рамалла мен Женинге кіреберістегі бақылау-тексеру бекеттерінің жұмыстары, сондай-ақ Иорданиямен шекарадағы «Алленби» бекетінің жұмысы түннің бір уағына дейін ұзартылады. Сондай-ақ Израиль арабтарына Женин мен Вифлеемге күннің жарық мезгілінде баруға, рұқсат беріледі, ал Израильде туыстары бар палестиналықтарды Израиль аумағына бір аптаға кіргізеді. Иерусалимдегі Храм тауындағы Әл-Ақса және Жартас күмбезі мешіттеріне 50 жастан асқан ер азаматтар мен 45 жастан асқан әйелдер жіберілетін болады.
Рамазан - ораза айы болғандықтан, министр Израиль әскерилеріне «құрметтерін және түсіністіктерін көрсету үшін» мұсылмандардың көз алдында тәуліктің жарық мезгілінде «тамақ ішіп-жеуден» тартынуды бұйырып отыр. Сондай-ақ жауынгерлерге қасиетті Рамазан айындағы басқа да мұсылман ережелері жазылған кітапшалар таратылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.