Израиль Палестинаны бейбіт келіссөзді жалғастыруға шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббасты Шығыс Иерусалимде израильдіктер үшін тұрғын үй құрылыстарына салынған мораторийдің мерзімі аяқталғаннан кейін де «жеделдетілген және әділ келіссөздерді» жалғастыруға шақырды.
None
None

Б.Нетаньяху сондай-ақ, келіссөздердің жыл бойына бейбіт келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді, деп хабарлайды Associated Press.

Бұған дейін М.Аббас Израильге Шығыс Иерусалимдегі үйлердің құрылысына мораторийдің аяқталуына орай үзілді-кесілді талап қойған болатын. Палестина басшысы Израильге не тыныштықты, немесе құрылысты жалғастыруды таңдауды ұсынды.

Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының құрылысына салынған мораторийді ұзартуы керектігі туралы арағайындар «төрттігі» де мәлім еткен болатын. Құрылысқа салынған қазіргі мораторийдің мерзімі қыркүйектің 30-ында аяқталады және Израиль басшылығы оны әрі қарай ұзартпайтынын бірнеше рет мәлім етіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар