Израиль Президенті Ұлттық музейді аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанға ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцог Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Израиль Президенті Ұлттық музейді аралап көрді
Фото: видеодан салынған скрин


Мәртебелі мейманға музейдің алты залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, ол Алтын залы, Этнография залы, Ұлы дала тас мүсіндері залы және өзге де экспозициялармен танысты.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai жасанды интеллект орталығының қызметімен танысқан болатын.

Кеше Ақордада Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Сондай-ақ Қазақстан мен Израиль Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

 

Соңғы жаңалықтар