Израиль президентінің жұбайы Тель-Авив қаласында қайтыс болды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Израиль Президенті Шимон Перестің жұбайы бейсенбі күні 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
None
None

Солтүстік Тель-Авивте орналасқан Соня Перестің үйіне шақырылған жедел жәрдем дәрігерлері сәтсіз аяқталған оңалту шаралардан кейін әйелдің қайтыс болғандығы туралы жария еткен. Соня Перес Шимон Переске 1945 жылы тұрмысқа шыққан. Соңғы жылдары ерлі-зайыптылар бөлек өмір сүрген еді. Себебі Соня Перес күйеуінің соңынан Израиль президенттерінің резиденциясына көшуден бас тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар