Израиль Рамалладағы Нидерланд дипломаттарын айрықша құқықтан айырады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль қоныстарынан шыққан өнімдерді сатуға қатысты дау дипломатиялық деңгейге шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Израиль лишит дипломатов Нидерландов в Рамалле дипломатических привилегий
Фото: facebook.com/GideonSaarIL

Жексенбіде Израиль Рамалладағы Палестина әкімшілігінің жанындағы нидерландтық миссия қызметкерлерінен Израиль дипломатиялық құжаттарын жеті күн ішінде қайтаруды талап етті.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, осы мерзімнен кейін Израиль берген артықшылықтар мен иммунитеттердің қолданылуы тоқтайды.

Бұл шешім Нидерланд Батыс жағалаудағы, Шығыс Иерусалимдегі және Голан төбелеріндегі израильдік қоныстардан шыққан тауарларға шектеулер енгізгеннен кейін қабылданды. 22 қыркүйектен бастап күшіне енген шешімге сәйкес, осы өнімдерді импорттауға, сатып алуға және сатуға тыйым салынады. Тыйым коммерциялық жөнелтімдерге және жеке тұлғалардың жүктеріндегі тауарларға, соның ішінде кәдесыйлар мен сыйлықтарға қолданылады.

Тель-Авивтен Амстердамға ұшып келген жолаушылардың айтуынша, кеден қызметкерлері олардың жүктерінде қоныстардан шыққан өнімдер бар-жоғын тексерген.

— Егер Нидерланд палестиналықтармен қарым-қатынаста өз мүдделерін қорғауды жалғастырғысы келсе, мұны Израиль мемлекетінің аумағынан емес, Палестина әкімшілігінің аумағынан жасай алады, — деді Саар.

Израиль дипломатиялық құжаттарының тоқтатылуы Рамалладағы Нидерланд миссиясының жабылуын білдірмейді. Дегенмен The Times of Israel атап өткендей, дипломаттар Израиль бақылауындағы аумақ арқылы еркін жүру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Нидерландтың сыртқы істер министрі Том Берендсен Израильдің шешімін қажетсіз деп атап, Амстердам жауап шараларын қарастырып жатқанын айтты. Ол қоныстардан алынған өнімдерді сатуға қойылған шектеулер Израильге қарсы бағытталмағанын жеткізді. Министрдің айтуынша, Амстердам заңсыз деп санайтын жағдайға жол бермеу үшін осындай шешім қабылданған.

Бұл Нидерланд саясатына жауап ретінде Израильдің қабылдаған алғашқы шарасы емес. Тамыз айында Израиль билігі Нидерланд өкілдерін Кирьят-Гатта орналасқан Газа секторы жөніндегі халықаралық үйлестіру орталығынан де шеттеткен болатын. Бұған Амстердам жариялаған тыйымды себеп етіп көрсеткен.

Израиль қоныстарында өндірілген тауарлар импортын шектеу жоспарын Ұлыбритания да білдірген. Кейінірек Ұлыбритания, Франция және Канада мұндай өнімдерді сатуға және қоныстарды кеңейтуге ықпал етіп отырған тұлғаларға қатысты шара қабылданатынын мәлімдеген. 

Еске сала кетейік, сегіз мұсылман елі Ұлыбританияның Израильге қарсы санкциясын қолдады.

Израильдің АҚШ-тағы елшісінің ұлы теракт салдарынан ауыр жарақат алды.

Израиль террорлық шабуылдан кейін Батыс жағалауда ауқымды рейд жүргізе бастады.