Израиль шекелі кейінгі 8 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті
Дүйсенбі күнгі сауда-саттықта Израиль шекелінің курсы долларға қатысты кейінгі 7,5 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Сарапшылардың пікірінше, Израиль валютасы бағасының өзгеруіне кейінгі жағдайлар мен геосаяси қауіп-қатер себеп болған. Kazinform бұл туралы EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеу уақытымен 9:32-дегі жағдай бойынша, шекельдің долларға қатысы 1,79%, бір долларға 3,9075 дейін арзандады. Сауда-саттық жабылатын кезде Израиль валютасы 3,8388 шекельден сатылып жатты.
2023 жылдың 9 қазанына дейінгі көрсеткіш бойынша курс соңғы рет 2016 жылдың ақпанында 3,923 шекельге төмендеген болатын.
EADaily хабарлауынша, дүйсенбі күні Израиль Орталық банкі Палестинамен жанжал ушыққан кезде ұлттық нарықты қолдау үшін 30 млрд доллар шетел валютасын сатқанын растады.