Израиль Сирияға тағы да соққы берді

Израиль
Фото: sana.sy

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 21 ақпанда Израиль әскері Сирия астанасы Дамасктің оңтүстік-батысындағы Кафр Соуза аймағына шабуыл жасады. Бұл туралы SANA ақпарат агенттігі хабарлады.

«Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 9:40-та Израиль басып алған Сирияның Голан аймағына бірнеше зымыранмен әуе шабуылы жасалып, Кафр Соуза маңындағы тұрғын үйлер нысанаға алынды», – делінген хабарламада.

Дереккөз шабуылдан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы біреуі жараланғанын айтты. Сонымен қатар, нысанаға алынған ғимарат пен көршілес кейбір құрылыстарға материалдық шығын келтірілген.

Соңғы жаңалықтар
telegram