Израиль соңғы оқиғаларға қарамастан, палестиналықтармен келіссөзді жалғастыруға үмітті
«Барлық қиыншылықтарды жеңеміз және соңғы оқиғаларға қарамастан, палетиналықтармен арадағы тікелей емес келіссөздерді жалғастырамыз деп үміттенеміз», - деді министр Эхуд Барак өз сөзінде. Ол сондай-ақ, «бұл келіссөздердің, бейбіт процесте ілгерілеушілікке қол жеткізетін тікелей диалогқа әкелетініне» үміт білдірді.
АҚШ-тың арағайындығымен тікелей емес палестина-израиль келіссөздерінің басталғаны туралы мамырдың 9-ында жария етілген болатын, содан бері Митчелл Израиль премьері Биньянмин Нетаньяхумен және Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббаспен жеке бірнеше кездесулер өткізді. Бірақ, Израиль әскери-теңіз күштерінің Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізбек болған «Азаттық флотилиясына» жасаған шабуылынан кейін, Махмұд Аббас Израильдің атына үзілді-кесілді мәлімдемелер жасады, бірақ келіссөз үдерісінен шығатыны туралы әзірге тікелей жария еткен жоқ.