Израиль тәулік ішінде ХАМАС позицияларына 450 соққы жасады
Израиль армиясы соңғы 24 сағат ішінде ХАМАС позицияларына 450 соққы жасағанын хабарлады, деп жазады Кazinform агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
«ЦАХАЛ 24 сағат ішінде Газа секторына үшінші рет жаппай шабуылын жалғастырып жатыр. Ондаған жойғыш ұшақ әл-Фуркандағы нысандарға 200 соққы жасады. Бұған дейін ондаған жойғыш ұшақ сол әл-Фуркандағы 200-ден астам нысанға шабуыл жасаған еді» делінген хабарламада.
ЦАХАЛ мәліметінше, әл-Фуркан — Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС Израильге қарсы шабуыл жасау үшін пайдаланатын аймақ.
ЦАХАЛ өкілі БАҚ-тың 1200 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратын растады.
«Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста 1200-ден астам израильдік қаза тапты» деп хабарлады Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Джонатан Конрикус.
Сәрсенбіге қараған түні бұл цифрды израильдік БАҚ жариялады.
«Израильде қаза тапқандар саны 1200 адамға жетті», — деп мәлімдеді ЦАХАЛ өкілі.
Ол сондай-ақ олардың көбі бейбіт тұрғындар екенін қосып өтті.