Израиль тәулік ішінде Ливаннан 90 зымыран ұшырылғанын хабарлады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль армиясы бейсенбі күні ливандық «Хезболла» ұйымы содырларының Израильге қарсы 90-ға жуық зымыран ұшырғанын анықтады. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Мәлімдемеде атап өтілгендей, ЦАХАЛ Израиль мен оның халқын «Хезболладан» келетін қауіп-қатерден қорғауды жалғастырмақ.
Бұған дейін Ливан премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқарушы Наджиб Микати Израильмен атысты тоқтату туралы келісім бірнеше күн ішінде жарияланады деп үміттенген. Премьер мәлімдемесі АҚШ қолдаған атысты тоқтату туралы ұсыныстың егжей-тегжейі ашылып кеткен кезде жасалды.
31 қазанда Израильдің Бейт-Лахияға жасаған соққысынан 100-ден астам палестиналық қаза тапқаны хабарланған болатын.