Израиль Трамп мақұлдаған америкалық ауыр бомбалар партиясын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль АҚШ президенті Дональд Трамп МК-84 бомбаларын экспорттауға салынған тыйымды алып тастағаннан кейін аталған оқ-дәріге қол жеткізді. Бұл бомбаны экспорттауға АҚШ-тың бұған дейінгі президенті Джо Байден әкімшілігі тыйым салған болатын, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Америка дауысына сілтеме жасап.

Отставки в израильской армии: глава генштаба берет ответственность за провал 7 октября
Фото: x.com/@IDF

Жексенбі күні журналистер алдында сөз сөйлеген Трамп соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан Байден енгізген бомбаны жеткізуге тыйымды жойғанын мәлімдеді. Өйткені «күштің көмегімен бейбітшілік» қағидаты ұстанылады.

- Олар бұл оқ-дәріге Байден әкімшілігі кезінде тапсырыс берген еді. Бірақ, Байден бұл қаруды жеткізген жоқ. Мен бұған басқаша қараймын. Мен «күштік көмегімен бейбітшілік» деп айтамын, - деп мәлімдеді Трамп.

МК-84 – бұл салмағы 907 келі болатын басқарылмайтын ұшақтан тасталатын бомба. Ол қалың бетон мен темір қабатын тесіп өтіп, ауқымды аумақты талқандауға қауқарлы.

Байден әкімшілігі Израильге бұл оқ-дәріні экспорттаудан бас тартқан еді. Оған Газа секторының халқы қалың аудандарында аталған бомбаны қолдану қаупі себеп болған-ды.

- Трамп әкімшілігі тыйымды алып тастағаннан кейін бүгін кешке Израильге жеткізілген оқ-дәрі Израиль әскери-әуе күштері мен армиясы үшін маңызды стратегиялық ресурс саналады. сонымен қатар Израиль мен АҚШ арасындағы мызғымас одақтастықты дәлелдейді, - деп мәлімдеді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац сенбі күні.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткоффқа 17 ақпанда Израильдің әскери-саяси кабинетін шақырып, тұтқындарды босату және Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісімнің екінші кезеңін талқылайтынын мәлімдегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар