Израиль тұрғыны шынжырсыз жүретін велосипед ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдегі өнертапқыш инженер Зив Брош жаңа типті велосипедті ойлап тапты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Израиль тұрғыны шынжырсыз жүретін велосипед ойлап тапты

Оның екі дөңгелегі, отыратын орны, рулі мен тепкіші бар, бірақ ең бастысы -шынжыры жоқ.

israelinfo.co.il сайтынан хабарланғандай, жаңа велосипедтің түпнұсқасы жасалған. Шынжырсыз жүретін алғашқы жүз велосипедті шығару үшін Брошқа 40.000 доллар қажет екен.