Израиль тұтқындағы 602 палестиналықты босатады

АСТАНА. KAZINFORM – Олардың 50-і Израильде өмір бойына бас бостандығынан айырылған, деп жазады Анадолы. 

Израиль тұтқындағы 602 палестиналықты босатады
Фото: Анадолы

ХАМАС 22 ақпанда тұтқын алмасудың 8-ші раунды аясында Израильдің 602 палестиналықты босататынын хабарлады.

ХАМАС Израильмен арадағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімі бойынша босатылатын палестиналықтарға қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде 602 палестиналық: өмір бойы бас бостандығынан айрылған 50 адам, ұзақ мерзімге қамалған 60 адам және 445 газалықтар 22 ақпанда босатылатыны айтылған.

ХАМАС-тың әскери қанаты Иззедин әл-Кассам бригадасының баспасөз хатшысы Әбу Убейда ертең болатын алмасудың 8-ші раунды аясында 6 израильдік тұтқын босатылатынын айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін ХАМАС төрт тұтқынның денесін Қызыл Крест ұйымына тапсырғанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ ХАМАС соғысты тоқтату үшін барлық тұтқынды босатуды ұсынған.

Соңғы жаңалықтар