Израиль ұшақтары Сананың халықаралық әуежайына соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Хуситтердің бақылауындағы Йемен астанасындағы халықаралық әуежай толықтай істен шықты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Йемен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Израиль ӘӘК-нің жойғыш ұшақтары хуситтер бақылайтын Йемен астанасы Санадағы халықаралық әуежайға соққы жасады.
Израильдің қорғаныс әскері хуситтердің Бен-Гурин әуежайына жексенбі күні жасаған шабуылын қоса алғанда, Израильге бірнеше қайтара жасаған соққысына жауап ретінде Йеменді әуеден бірнеше рет атқылап, ел астанасы Санадағы халықаралық әуежайдың күл-талқанын шығарды.
🚨 لقطات جديدة للغارات الجوية الإسرائيلية التي أصابت مطار صنعاء الدولي في اليمن. pic.twitter.com/DlzAqg5xES
— الأحداث العالمية (@NewsNow4USA) May 6, 2025
Израиль әскерилерінің сөзінше, хуситтер бақылап отырған ел астанасы Санадағы әуежай толық істен шыққан. Сондай-ақ Израиль әскері әуежайды хуситтер содырлардың қару-жарақтарын тасымалдау мен террористік мақсаттар үшін пайдаланғанын айтты.
Соққы жасар алдында Израиль әскері Сана халықаралық әуежайындағыларды шұғыл эвакуация туралы ескерткен.
- Біз шұғыл түрде әуежай аймағынан кетуді және бұл туралы жақын арадағы адамдардың барлығын ескертуге шақырамыз, - деп мәлімдеді Израиль қорғаныс армиясының өкілі араб тілінде.
Бұған қоса Израильдің Қорғаныс армиясы олардың мақсаты хуситтер пайдаланатын Сана маңындағы бірнеше электр станциясы, сондай-ақ террористік топ туннельдердің инфрақұрылымының құрылысына пайдаланатын ел астанасынан солтүстік қарай орналасқан цемент зауытын жою болғанын атап өтті.
Әскерилердің сөзінше, бетон зауытына жасалған соққы режимнің экономикасы мен оның әскери әлеуетіне соққы болатынын жеткізді.
Осыған дейін Израиль әуе күштері зымыран шабуылына жауап ретінде Йеменге соққы жасады.