Израильде Әзербайжанның 7 азаматы тыңшылық жасады деп қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжаннан келген 7 Израиль азаматы Иранның пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Израильдің барлау қызметіне сілтеме жасап Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.

Иран мен Әзербайжан
Фото: 1news.az

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топ екі жылдай жұмыс жасаған. Олар осы уақыт ішінде қомақты сомаға 600 тапсырма орындалған. Күдіктілер әскери базаларды, соның ішінде 1 қазандағы шабуылда нысанаға алынған орындарды фотоға түсірген.

Күдіктілердің барлығы – Хайфа мен елдің солтүстік бөлігінің тұрғындары, олар Израиль және Әзербайжанның қос азаматтығына ие. Олардың арасында дезертир мен кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар. Сот кәмелетке толған бес күдіктінің есімін жариялады – Азиз Нисанов, Александр Садиков, Игаль Нисан, Вячеслав Гущин және Евгений Иоффе. Кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың аты-жөні жарияланған жоқ. Күдіктілердің барлығы мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасады деп айыпталуда.

Сонымен қатар, олар армия базаларын фотосуретке түсіріп, олар туралы ақпарат жинады деген күдікке ілінді. Соның ішінде Израиль әуе күштерінің Неватим және Рамат-Давидегі базалары және Тель-Авивтегі «Кирия» Бас штабының кешені бар. Тергеу мәліметінше, іске қатысы бар тұлғалар жиналған ақпаратты Иранға өткізген.

Егер айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденсе, олар өмір бойына сотталуы мүмкін.